Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің салтантты ашылу рәсімі өтті.
Іс – шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, оқу-ісі жөніндегі проректор Еркін Оңғарбаев, факультет декандары, сала қызметкерлері және көрмеге қойылған фотосуреттің авторлары қатысты.
Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов Қазақстанның танымал фотосуретшілерінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихына арналған еңбектерінің көрмесіне қойылған тарихи суреттерде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі, ел азаматтарының ерен еңбегі, сұлу табиғат, қоғамдық-саяси өмірдегі айшықты сәттер әдемі бейнеленгенін тілге тиек етті және алдағы уақытта білім одасынан «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және Қазақ радиосының шеберлік шыңдау студиясы секілді фотозертхана ашылатынын атап өтті.
«Фотокөрменің мақсаты жас ұрпаққа Тәуелсіздігімізді дәріптеп, мемлекетіміздің мерейін арттыру және тарихи сананы қалыптастыру», деген академик Ерлан Сыдықов көрмеге жиналған барлық қатысушыларды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады, соңынан фото авторларына естелік сый тапсырды.
Келесі кезекте сөз алған Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков көрмеден өзінің осыдан отыз жыл бұрынғы суретін көріп, бір суреттің тарихы туралы сыр шертсе, ҚР Премьер министрінің фототілшісі Шүкір Шахай университет басшысы Ерлан Бәтташұлына және Зерендіде өткен республикалық фотосуретшілер байқауы мен бүгінгі көрмені ұйымдастыруға ұйытқы болған ЕҰУ Ақпарат орталығының фотографы Ербол Ерденбекке алғыс білдірді.
Көрмеге қойылған мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін танымал фотографтартардың ішінде ҚР Премьер министрінің жеке фотографы Шүкір Шахай, ҚР Қорғаныс министрілігінің фотографы Ермек Сарыбасов, «Казақпарат» агенттігінен Мұхтар Холдарбек, Бауыржан Жуасбаев, «Тенгринюстен» Тұрар Қазанғапов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен Ерлан Омаров, «Астана ақшамы» газетінен Сұлтан Сейілов, Премьер-министр сайтынан Нариман Мурзабаев, «National Geographic» журналынан Ерболат Шадрахов, «Казақньюстен» Доған Йылдыз, Zhastar Life порталынан Мейірбек Тажкурановтардың еңбектері көрермен назарын өзіне аударды.
«Сабақты ине сәтімен» дегендей, шара барысында ректор Ерлан Сыдықов бастап, фотографтар Шүкір Шахай, Ерлан Омаров, Доған Йылдыз, т.б. қостап, Журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған бір топ докторантқа PhD докторы дипломын тапсырды, алдағы жолдарына сәттілік тіледі.
Рахымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор:
-Биылғы Қазақстанның мадақ жылында фотосуретшілердің еңбегі Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіде «Күлтегін» атриумынан орын алуы шын мәнінде көңілді өсіреді. Жан жүрекке жылу беріп, көп нәрсе есімізге түсті. Осында қазақ даласының, әсіресе, Алатау мен Атырауға созылып жатқан сахара дала көріністері, тұтас табиғат, жыл мезгілдері, сосын адам мен оның еңбегі жан-жақты көрініс тапқан.
Көрмені аралап жүріп, менің есіме мына жағдай түсті: осыдан оншақты жыл бұрын университет басшылығы біраз ғалымдарды білім ордасының атынан Еуропаға жіберді. Сол Еуропаға барған кезде қазіргі Германияның атақты қалаларының бірі Дрезденде дүниежүзіндегі көркемсурет галереясына жолымыз түсті. Бұл галареяның ерекшелігі – жер бетіндегі руханиятқа, өмірге, адамзаттық құндылықтарға құштар жандардың бәрі сол жерге жыл он екі ай барып тұрады. Сонда байқағаным, университеттің аумағындай жерді алып жатқан үш қабатты үйдің бірінші қабатында бірыңғай жер бетіндегі қару-жарақтар, екінші қабатында бірыңғай ыдыс-аяқтар, үшінші қабаты көркемсуретке беріліпті. Жер бетіндегі көркемсуреттің бәрі жинақталған.
Міне, бүгін осы тұсауы кесіліп, салтанатты жағдайда ашылған «Тәуелсіздік: елдің фотошежіресі» атты көрмені аралай жүріп, алыстағы Еуропадағы дүниежүзілік көрменің әсері ойыма оралды. Біздің қазақстандық суретшілердің де еңбегі кем емес, отыз жылдың деңгейін сурет өнері арқылы көрсетіп отыр. Бәрі есімізге түсті. Ендеше, сурет өнеріне де көңіл бөліп, жаңа кең өрістер ашқанымыз, нұр үстіне нұр болады ғой деп ойлаймын. Ұлттық меркеміздің тұсында, сөз жоқ, бейнелеу өнеріміздің, сурет өнерінің кең өрісін анық аңғардық.
Үздік фотоочерк» жүлдесін Каzaknews.kz фототілшісі:
Бұл фото Илья Илиннің Елбасы құттыған сәтінен алдым. Ал Елбасының фотосына тоқтала кетсек, осы салаға келгенде 2009 жылы Елбасы Түркияға бармас бұрын ататүркінің месседжі өткізгенген кейін Түркия ұлттық мәжілісінде сөз сөйледі. Сол күні ортақ партиялар жиналып, тыңдады. Сонымен қатар, Демирель мырзамен де кездесті.
Шүкір Шахай, ҚР Премьер-министр фотосуретшісі:
Бүгінгі көрменің ашылу сәтінде Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, марқұм Әбіш Кекілбаевтың айтқан әңгімесі еске түсіп отыр: «Табиғаттан бір тамаша жануарды көрген аңшылар оны атып өлтіреді, ал сендер, фотографтар сол әдемі, сұлу жануарды ертеңгі ұрпаққа сол әдемі күйінде жеткізесіңдер».
Шара соңында көрмеге қатысушылар естелік суретке түсті.
«Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі Тұрар Қазанғапов-та Генадий Головкиннің New York түсіріп алған ерекше фотосы көптің көзіне түсті.
Айта кету керек, қараша айында Ақмола облысы Зеренді кентінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған “ZEREN.photo-fest” атты фототілшілер байқауы өтті.