Қаңтар оқиғасы кезінде қанша балаға оқ тиді?

0
337
Алматы. Қаңтар, 2022 жыл.

Қаңтар оқиғасы кезінде кәмелетке толмаған 9 балаға оқ тиген, екеуі алған жарақаттан қаза болған. Бұл туралы 18 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медицина және дәрі-дәрмекті қадағалау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлімдеді. 

“Үш өңірде кәмелетке толмаған балалар зардап шекті. Алматыда оқ тиіп жараланған екі бала қаза болды. Жеті [бала] түрлі оқ жарақатымен стационарларға жатқызылды. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Алматы облысында және біреуі – Жамбыл облысында. Одан бөлек, тағы бір аяғы ауыр әйел газ шашқан кезде зардап шеккен” деді Бауыржан Байсеркин.

Байсеркиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде дәрігер көмегіне 2740 адам жүгінген. 1843 адам амбулаторлық жағдайда ем алған. 897 адам ауруханаға жатқызылған. 188-і – реанимацияға жатқызылған. Қазір 891 пациент ауруханадан шыққан.

Билік қаңтар қырғынынан кейін 227 адамның қаза болғанын хабарлаған, бірақ қоғам талабына қарамастан әлі күнге дейін олардың аты-жөні жарияланбады. Құқық қорғаушылар қаза болғандар арасында бейбіт азаматтар көп екенін айтады. Арасында балалар мен әйелдер де бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз