Шымкентте дауылдың кесірінен екі ұшақ соқтығысып қалды

0
78

Шымкентте қатты дауылдың салдарынан әуежай тұрағындағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фейсбук желісіндегі хабарламада «2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған «Training center Part FCL» ЖШС-іне тиесілі тіркеу номерлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшақтарында оқыс оқиға болды. Ұшақтардың бағыттау құралы мен қанаттарына зақым келген. Жіберілген радиохабарламаға сәйкес, тұрақтағы ұшақтардың соқтығысуына қатты дауылды жел мен олардың бір-біріне өте жақын орналасуы себеп болған» делінген.

Айта кету керек, 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті аталған ұшақтардың Шымкент-Алматы бағыты бойынша ұшуы үшін «Training center Part FCL» ЖШС-іне бір реттік рұқсат берген. «Training center Part FCL» ЖШС-і оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9%-ы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ қарасты. Мұның алдында «Training center Part FCL» ЖШС-і ұшақтарымен әуе оқиғаларының орын алуына байланысты әуе компаниясы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз