Қазақстанда тағы бір университет жабылды

0
175
photo: rbc.ru

14 сәуірде білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясының жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Университетте сапаны қамтамасыз ету комитеті тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтар анықтаған.

“Орталық Қазақстан академиясында сабақтар толық көлемде жүргізілмеді, оқытушылар қойылған талаптарға сәйкес келмеді, атап айтқанда, оқытушылардың білімі мен ғылыми дәрежесі оқытылатын пәндерге сәйкес келмеді, оқу процесі практикалық оқытушылармен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмеді. Сонымен қатар университетте сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі болмаған, соның салдарынан білім бөлімінің қорытындысы бойынша академияның кадрларды даярлаудың алты бағытының студенттері шекті балл жинай алмаған. Одан бөлек, тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пәндерді қайта тапсыруда бұзушылықтар анықталды. Аралық бақылауды тапсыру кезінде университет прокторинг жүйесін қолданбаған”, – дейді сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының рейтингін талдау Орталық Қазақстан академиясының оқу бағдарламаларының басым бөлігі жаңартылмағанын және еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтінін көрсеткен. Сол себепті мамандықтың көпшілігі студенттер арасында сұранысқа ие болмай, тек 1-ден 5 адамға дейін ғана оқыған.

Алайда апелляциялық құқықты пайдалана отырып, университет сот органдарына жүгінген. Бірінші сатыдағы соттар академияның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырып, комитеттің шешімдерін заңды деп таныған.

Айта кетейік, ЖОО қызметінің ережесіне сәйкес студенттер университет лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа университетке ауысуға құқылы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз