АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қатысты ленд-лизге (Ukraine Democracy Defense Lend-Lease Act of 2022) қол қойды. Бұл құжат бойынша Укрианаға қажетті қару-жарақтарды жеткізу барынша жеңілдетілетін болады. Бұл туралы sn.kz сайты хабарлады.
Маңызды құжатта Украинаның әскери қорғаныс қабілетін арттыру, ел азаматтарын Ресей агрессиясынан қорғау мәселесі жазылған. Сонымен қатар ленд-лиз Украинаға қандайда бір қару түрін жеткізу барысында АҚШ перзидентіне бірқатар артықшылықтар береді. Ендігі қарау-жарақ жеткізу ісіне бюрократиялық процедуралар кедергі болмайды. АҚШ президенті аталмыш құжатқа сүйеніп, өзі шешім қабылдайтын болады.
Бұл АҚШ тарихындағы екінші «ленд-лиз» заңы болды. Алғашқы ленд-лиз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлерге қарсы қолданылған. Ленд-лиз бойынша Гитлермен күрескен Ұлыбританияға көмек көрсетілсе, кейіннен АҚШ ленд-лиз шеңберінде Кеңестер Одағына әскери көмек көрсеткен.