МәшҺүр Жүсіп Көпейұлының ескерткішіне 5 жыл толды

0
400

Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған ескерткіш қалаға кіреберістегі ақынның есімімен аталатын көшеде орнатылған. Екібастұзға кіреберіс тұсқа ерекше рең беріп, ел рухын көтеріп тұрған қола ескерткіштің биіктігі тұ­­ғыртасымен қоса есептегенде қоладан құйылған ескерткіш 7 метрге жуық.

Ғұлама Мәшһүр бабамыздың ескерткіші өзінің есімімен аталатын Екібастұздың орталық көшесіндегі бақ ішіне қойылды. Алып кешен авторлары ескерткішті мүсіндеген ағайынды Жаубасар Қалиев пен Жарылғасын Иғланбекұлы. Ескерткіштің ашылуы шаһардың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған.

қосымша ақпарат:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлыұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз