Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

0
433
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кішкентай бүлдіршінмен.

1 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен құттықтады.

“Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған. “Балалар жылы” аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады. Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!”, – делінген Ақорда сайты жариялаған президент құттықтауында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды елде “Балалар жылы” деп жариялаған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз