9 қаңтар Республиканың басым бөлігінде қар жауады

0
236
дереккөзден

Қазгидрометтің хабарлауынша, 9 қаңтар республиканың басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болып желдің күші ұлғаюы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында жел екпіні 23-28 м/с болады.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасың, көктайғақ, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз кей жерлерінде – бұрқасын.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жел тұрып, 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар ауысады. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген өңірлерінде алдымен жылы, сосын суық атмосфералық фронттарда, қар мен борандар, батыс желі 15-23 м/с дейін, ауа температурасының жоғарылауы және көктайғақ күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз