Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар рәсімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.