Нұр-Сұлтан – Доха арасында әуе рейстері ашылады

0
161
photo: qatarairways.com

«Qatar Airways» әуе компаниясы 2023 жылғы көктем-жаз мерзімінен бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қатар мемлекетінің авиациялық билік президенті Мохамед Фалех Әл-Хаджри және Қатар мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, рейстер санын одан әрі арттыру және Қазақстан мен Қатар арасындағы ұшулар географиясын кеңейту, авиациялық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, Қатарлық компаниялардың инвестицияларын Қазақстанға тарту мәселелері талқыланған.

Қазіргі таңда «Qatar Airways» авиакомпаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша жиілігі аптасына 4 рет тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз