14 қыркүйекте Қазақстан астанасында Әлем және дәстүрлі діндер съезі басталды.

Жиынның басты тақырыбы – “Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі”.

Съез президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуімен басталды. Рим папасы Францисктің сөзімен жалғасты.

Отырыс шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар талқыланбақ.

Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет 2003 жылдың қыркүйек айында Астанада өткен. Содан бері әр үш жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылданған. Биыл VII-отырысы өтіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз