Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

0
75
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің авиациялық билік өкілдері кездесу өткізіп, Қазақстандық тарабы енгізілген “ашық аспан” режимін пайдалануды ұсынды.

Ірі төмен бюджеттік “Air Asia” әуекомпаниясы басшылығының ақпараты бойынша 2023 жылы Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстерді іске қосу жоспарлануда (ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі).

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында “Air Asia” әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз