Балалардың туу туралы медициналық куәліктерін Kaspi.kz платформасы арқылы онлайн алуға болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Kaspi.kz әзірлеушілері түсіндіргендей туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты – жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін – куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО таңдау керек. Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.
Бұл сервис Денсаулық сақтау, әділет, инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, “ҰАТ” АҚ және Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп іске асырылған.
Онлайн істеп көрейін менде. Папасы ЗАГСте жоқ, некеде бар мұсылманша. Фамилиясын беруге болады ма?