TikTok платформасы осы күзде Қазақстаннан өкілдігін ашады. Бұл жөнінде Global Business Solutions (TikTok, Шығыс Еуропа) директоры Анастасия Панина Astana Media Week пленарлық сессиясы кезінде айтты.
“Көп жаңа контент пайда болып жатыр. Себебі Қазақстандағы аудитория шығармашыл, жұрт өзін жеткізу үшін платформаны пайдаланады. Платформа ретінде қауымдастығымызға жақынырақ болғымыз келеді. Сол себепті осы күзде Қазақстаннан өкілдігімізді ашамыз” деді Анастасия Панина.