1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытында әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосады. Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады.