Бас прокуратура сайлау күніне қатысты үндеу жолдады

0
218
Бас прокуратура ғимараты. Photo: gov.kz

18 қарашада Қазақстанның Бас прокуратурасы жұртты кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн – 20 қарашада “заңсыз митингіге” шықпауға үндеді.

Бас прокуратура хабарламасында әлеуметтік желіде “тыйым салған ұйым заңсыз митинг өткізу, қатысу және өзге де құқыққа қайшы әрекет жасауға” шақырғаны жөнінде хабарламалар таратып жатқанын жазған.

Ведомство аты аталмаған ұйымды “терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын” қозғалыс деп атап, оның қызметіне тыйым салынғанын атап өткен. Бұған қоса, ведомство сондай ұйымның “шақыруына еріп, заңсыз митингілерге қатысқандар” құқықтық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Прокуратура “сот тыйым салған ұйымдар мен олардың артында тұрған адамдардың арандатуына ермеуге, олардың заңсыз әрекеттеріне қатысудан бас тартуға” шақырған.

Бас прокуратура бір күн бұрын ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайлау алдында “жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топты ұстағанын” атап өткен.

17 қарашада ҰҚК Алматы және Алматы облысындағы қызметкерлер жүргізген “арнайы операция” кезінде жеті адам ұсталғанын хабарлаған еді. ҰҚК-ның айтуынша, “билікті басып алу” және “жаппай тәртіпсіздік” баптары бойынша тергеу амалдары бастаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз