Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітінде құран бағыштады

0
77
фото: Ақорда

5 қаңтар күні мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады”, – делінген хабарламада.

2022 жылы қаңтардың басында Маңғыстау облысында сұйылтылған газдың қымбаттауынан басталған наразылықты Қазақстанның көптеген өңірінде халық қолдап, жаппай шеруге шыққан. Кейін бірнеше қалада бейбіт митингінің аяғы тәртіпсіздікке ұласып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берген. Билік елде төтенше жағдай жариялап, “террористер шабуылы” туралы айтқанмен оған дәлел келтірген жоқ.

Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасы салдарынан елде 238 адам қаза тапқан. Оның 19-ы – құқық қорғау органдары өкілдері мен әскери қызметкерлер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз