Қазақстанда қымыз өндірісі азайды – статистика

0
267
photo: ruh.kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қымыз өндірісі азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында 1 520 тонна қымыз өндірілген, ал 2021 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 154 тоннаға артық болған.

Бұл ретте шұбат өндірісі 7,8%-ға артты. Мәселен, өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз