Еліміздің шахмат федерациясына жаңа президент сайланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып Тимур Турлов сайланды.
Тимур Русланович Турлов 1987 жылы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген.
Кәсіпкер, қаржыгер және Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы.
2022 жылы маусым айында Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.