19 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады”,– делінген хабарламада.
Бұдан бөлек Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына қол қойды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев мәжіліс пен мәслихатты тарату жөнінде кеңес өткізді