Қазгидромет үш облыста күн райына қатысты дабылды ескерту жариялады.
15-17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Сондай-ақ, 15 қаңтарда тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
15 қаңтар күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты аяз болады. Ауа температурасы шамамен – 22°С дейін төмендеуі мүмкін.