Заңды тұлға туралы мәліметті мобильді қосымша арқылы білуге болады

0
157
photo: inform.kz

Әділет министрлігінің қолдауымен Halyk Homebank мобильдік қосымшасында жаңа сервис пайда болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Енді заңды тұлғаның атауы, оның БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мемлекеттік тіркеу орны мен күні, басшысы және құрылтайшыларының дерегі мен еліміздегі филиалы мен өкілдігі туралы ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады.

Бұл ақпараттың сенімді серіктес немесе сенімді жұмыс берушіні іздеуде пайдасы тиеді. Жаңа қызметті пайдалану қарапайым және оңай. Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Ол бөлімде «Заңды тұлғалар туралы мәліметтер» батырмасы бойынша барлық қажетті деректер қолжетімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз