Жерлеу рәсімі: Біреуге қайғы, біреуге табыс

1
484

Адамдар күнделікті тіршіліктің қамымен өмірдің қаншалықты қысқа және өткінші екенін байқамайды. Күндердің күнінде әрқайсымыз жақын адамымызды жоғалтамыз не өзіміз фәниден қош айтысамыз. Бұл барлық адамның басына келетін ерік-қалаумыздан тыс болатын жағдай. Әрине орны толмас қайғы.

Мұндай сәтте адам жерлеу, ас беру секілді іс-шараға қатысуға зауқы соқпаса да, шариғат ережесімен дереу орындауға тура келеді.

Жерлеу рәсімі әртүрлі құжатты, рұқсат қағазды және біршама қаржыны талап етеді. Оларды алу үшін бүкіл қаланы айналып өтіп, оған көп уақыт бөлу маңызды. Қиын жағдайға тап болған адамға көмектесу үшін арнайы кәсіпорындар бар. Аталған серіктестіктердің қызметкерлері шақырылғаннан кейін бірден үйге келеді, содан кейін жерлеуді ұйымдастыруға қатысты барлық жұмыстарды орындайды.

Мәселен, Шымкент қаласында жерлеу рәсімін орындайтын бірнеше кәсіпорындар бар. Бұл күндері жерлеу рәсімі сирек кездесетін қызмет түрі емес. Бұл қайғылы болса да, табысы көп кәсіп. Жерлеу қызметін орындайтын қызметкердің(атын атаудан бас тартты) айтуынша, олардың басты міндеті жерлеуді ұйымдастыру және марқұмның туыстарына қиындық тудырмау: «Жерлеу мекемесінің әрбір қызметкері өліммен жұмыс істейтінін біледі».

Қазақстанда жерлеу агенттіктерін діни ереже бойынша қатаң бөлуге болады. Бірақ агенттіктер көбінесе православиелік және мұсылмандық жерлеуді ұйымдастырады (басқа дін өкілдерінің жерлеу рәсімдерін әр мекеме жүргізе бермейді). Жерлеу қызметінің қызметкерлері әдетте адам денесін мәйітханадан өздері алып, жерлеуге қатысты барлық келіссөздерді жүргізеді, естелік кештер ұйымдастырады.

Қазақстанда орта есеппен бір адамды жерлеу 200 000 теңгені құрайды. Тек іс-қағаздарын рәсімдеу, мәйітті жуу және киіндіру, табытқа салу (мәйітті тасуға арналған табыт), бальзамдау сияқты барлық қызмет түрлеріне ғана ғұрыптық мекеме орта есеппен 50-150 мың теңге алады. Көлік құны, зираттағы орын, естелік кешкі ас толығымен тұтынушылардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жерлеу қызметтерінің бизнесіндегі бәсекелестік күн сайын артып келе жатыр. Олардың айтуынша, мәрмәр немесе гранит ескерткіш жерлеу мекемесіне көп табыс әкеледі. Мысалы, көркем өңдеусіз мәрмәр ескерткіштің бағасы 25 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін (көлеміне қарай) болуы мүмкін.

Сонымен қатар қызметі бойынша жерлеу кәсіпорыны күніне 8000 теңгеден бастап 500000 теңгеге дейін табыс табады. Атап айтқанда денені тасымалдау Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 20000 теңгеден басталады.  Денені бальзамдау 30000 теңгені құраса, мұсылманша жерлеу рәсімін ұйымдастыру 45000 теңгеден басталады, ал Православиелік жерлеу 90 000 теңгеден бастап 500000 теңгеге дейін жалғасады. Жерлеу кәсіпорындарының қызметіне жерлеу рәсімін толық ұйымдастыру қызметі де кіреді.

Кейбір кәсіпорындардың жұмыс жасап келе жатқанына 15 жылдан аса уақыт өткен. Тұтынушыларына тегін консультация жүргізіп заңды түрде қызмет етеді.

Шымкенттік жерлеу кәсіпорындарының жұмысы 2005 жылдан басталған. Айта кетейік 2020 жылы COVID-19 індеті кең тараған кезде жерлеу рәсімін ұйымдастырушы компаниялардың жұмысы бірнеше есе табысқа артқан. 2019 жылғы статистикаға сүйенсек Қазақстанда жерлеу кәсіпорындары орта есеппен айына 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Бұл кәсіпорын табысының 20-30 пайызын құрайды.

2020 жылы бұл статистика 1,5-3 млн теңгеге дейін өскен. Сарапшылардың айтуынша 2022 жылдың мамыр айында Қазақстанда ғұрыптық қызметтердің бағасы орташа алғанда жылына 13,1%-ға өскен. Бұл ретте еліміздің бес облысында: Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда баға өзгерген жоқ. Басқа өңірлер арасында жерлеу қызметі бағасының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында (бірден 61,8%), одан кейін Алматы және Атырау облысында (33,3%-ға) тіркелді.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта жерлеу кәсіпорынының қызметін бірнеше айға бөліп төлеу арқылы несиеге рәсімдеуге болады.

Гүлім Муратали

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз