ХІХ халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Оның ішінде:
- 6 алтын;
- 20 күміс;
- 40 қола медаль бар.
Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім грантын иеленген.
26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті.
Қазақстанның атынан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады.
Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектебінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.
“Халықаралық Жәутіков олимпиадасы оқушылар арасында танымал бола түсті. Олимпиада кезінде қатысушылар күрделі математикалық есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік конкурстар олардың білімін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді”, – деп атап өтті РФММ басқарма төрағасы Руслан Қалиев.
Оқи отырыңыз: Бүгін халықаралық Жәутіков білім олимпиадасы басталды