Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

0
224
Сергей Терещенко.

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Терещенко Сергей Александрович 1951 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Ресей ҒА Экономика институтын бітірген.

Сергей Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (16 қазан 1991 жыл – 14 қазан 1994 жыл) болды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады. Инфляция бұрын-соңды болмаған шарықтау шегіне жетті.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үкіметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз