Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасы тағы өсті

0
95

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы(21 ақпан):

Өсімдік майы – 903 тг/л
Рожки – 309 тг/кг
Күріш – 376 тг/кг

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз