Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 33,8% артты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қаласында (25,2%) едәуір қымбаттады.
Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қаласы тұр.
Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қаласында тіркелді.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.
Тұрғын үйдің 1м2 бағасы:
- Жаңа үй – 483 522 тг
- Қолданыстағы үйлер – 517 278 тг
- Жалға алу – 4 679тг