Қазақстанда Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 19 наурызда елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша өңірде 8272 учаске дауыс беруге кіріскен.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 13 учаске дауыс беруге кірісті.
Жалпы Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 223 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.
92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 12 млн. 32 мың 550.
Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 12 765 есептен шығару куәлігін берді.