Екі ай ішінде «Азаптау» бабы бойынша 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді

0
211

Биыл қаңтар-ақпан айында «Азаптау» бабы бойынша 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бір жыл бұрын олардың саны 263 болған. Құқық бұзушылық саны бір жылда 3,1 есе азайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың осы кезеңінде мұндай құқық бұзушылықтардың саны бірден 3 есе өсіп, 263 болған. Мұндай статистиканы былтырғы қаңтардағы қайғылы оқиғамен түсіндіруге болады.

Өңірлер ішінде биыл «Азаптау» бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматы қаласында тіркелген: екі айда 21 іс, бір жыл бұрын 39 іс.

Одан кейін ең көп мұндай қылмыс Алматы, Түркістан (әр облыста 9 іс) және Павлодар (8 іс) облысында, сондай-ақ Астана қаласында (7 іс) болды.

Ең аз құқық бұзушылық Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облысында тіркелді: әрқайсысы бір істен. Шымкентте, сондай-ақ Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысында бірде-бір іс тіркелмеген.

Елімізде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры жұмыс істейді. Қордың мақсаты — қылмыстардан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыстың ашылмауынан немесе қылмыскердің сот төрелігінен жасырынып қалуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтырмаған азаматтарға қолдау көрсету.

Заңға сәйкес, мұндай қолдауды басқалармен қатар азаптаумен байланысты қылмыстардың құрбаны деп танылған адамдар алады (ҚК 146-бабы). Азаптаудан зардап шеккендерге 30 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша) және 40 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлімі бойынша) көлемінде өтемақы төленеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз