7 жасар қыз Сириядан Қазақстанға қайтарылды – ҰҚК

0
81
фото видеодан алынған скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

“Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады”, – делінген ҰҚК ақпаратында.

Анықтама: 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз