Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық мәслихаты Алтай қаласының орталығындағы Ленин ескерткішін жөндеу үшін 1 миллион 449 мың теңге бөлуді мақұлдады. Бұл жөнінде жергілікті басылымдар жазды.
YK-news.kz сайтының жазуына қарағанда, 1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделді, әзірге жөндейтін мердігер анықталмаған.
Алтай аудандық мәслихатының төрайымы Лариса Гречушникованың Азаттық тілшісіне айтуынша, ескерткіш жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде тұр.
– Иә, Ленин ескерткіші тұр. Ол идеологиялық мағынада ескіргенімен ескерткіш тарихи ескерткіштер тізімінде тұр. Сол үшін оны жөндеу керек. Осыдан үш жыл бұрын біз аудан мен қала атын Алтай деп (Алтай ауданы мен орталығы 2019 жылға дейін Зырян деп аталған) өзгерттік, 50 көшенің атын ауыстырдық, – деді әкімнің орынбасары Жанна Асқарова.
Жергілікті тұрғындар арасында Алтай қаласындағы Ленин ескерткішін алып тастау мәселесі де көтеріледі. 2018 жылы ескерткіш орнына субұрқақ салу туралы ұсыныс айтылған.