Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Қашқадарияда облысында әкесі қызын аяусыз соққыға жыққан видео тараған еді.
Оқиға 16 сәуірінде сағат 11:30-да Косон ауданы, Қарабайыр кентінің Гишман ауылында тұратын 2009 жылы туылған Г.Х. үйінің алдында туыстарымен сөйлесіп тұрғанда, анасы М.М. қызын үйіне шақырды. Қызы үйге кірмегендіктен, әкесі Т.Р. қызын ұрып, жарақаттады.
Бұл жағдайды қыздың ағасы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.
Сол күні қызды ата-анасымен бірге аудандық ішкі істер бөліміне әкеліп, әңгімелесті. Осыдан кейін азамат Т.Р. облыстық жүйке-психикалық аурулар диспансеріне орналастырылды.
Осы жағдайға байланысты жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бастапқы мәлімет бойынша, қыздың қолынан көгерген іздер табылған.
Оқиға толық зерттеуден өткен соң қызын соққыға жыққан әкеге үкім шығып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ӨР Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот үкімімен Р.Т. ҚК-нің 110-бабының «а» тармағында (азаптау), 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Бұл үкімге қанағаттанбаған тараптар заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде Қашқадария облыстық сотының апелляциялық сатысына шағым және наразылық келтіре алады», – делінген хабарламада.