Мектепте балағат сөз айтқан оқушыға қатысты сот үкімі шықты

0
443

Астана қаласындағы мектепте балағат сөз айтқан қыздың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасаған оқушы қызға қатысты іс қаралған. Анықталғандай, мектеп ғимаратында кәмелетке толмаған З. кәмелетке толмаған К.-ға боқтық сөздер айтқан.

«Ол ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сотта оның заңды өкілі кінәні толық мойындады.

Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, 14-16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім жасаған бұзақылық, оның ата-анасына немесе олардың орнында жүрген тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (24 150 теңге) айыппұл салуды көздейді», – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған оқушының заңды өкілі заң бойынша кінәлі деп танылып, оған 16 905 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз