«Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылындағы жергілікті тұрғынның үйінен сақтауға тыйым салынған жануарлардың тұтас еті мен қару жарақтарды анықтады, деп хабарлады «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметі.
Тінту барысында «Toyota Sequie» маркалы автокөліктің артқы жүк салғышынан Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып кету қауіпі бар 17-дана Қарақұйрыққа ұқсас жануарлардың тұтас еті, 1-дана, Қарақұйрыққа ұқсас жануардың сойылған еті, 1-дана аңшы мылтығы, 66-дана 12 калибрлі, 37-дана 7,62 санды калибрлы оқ-дәрілер, 1-дана балта, 4-дана ас үй пышағы, 1-дана пышақ, 7-дана қуаттағыш батерейкалар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.