Бүгін мәжіліс залында парламенттік тыңдау өтті. Тыңдаудың тақырыбы несие қарызы туралы болды.
Парламент тыңдауын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастады. Оның айтуынша қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның (Жеке тұлғалардың жалпы несие көлемі 18 триллион теңгені құрайды) қарызы бар. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі шамамен 1,4 триллион теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр.
Мәжіліс төрағасы халықтың осыншама кредит алуының себебін айтты.
«Менің ойымша, қаржы ұйымдары да маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржы институттарының тартымды жарнамасы себепкер. Несие алу процедурасының жеңілдігі мен қол жетімділігі тағы бар», – дейді Ерлан Қошанов.