Республика күні Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

0
60

Барша қазақстандықтар үшін ертең мереке. 25 қазан – Республика күні! 1990 жылы 25 қазанда Қазақсанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Ал Астана тұрғындары бұл мерекені қалай өткізбек?

Қойылым-концерт «Отан қымбат»

Концерт-қойылым елімізге еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғаларға арналады.
Бұл қойылымның ерекшелігі әр түрлі тарихи кезеңдерді 3Д декорация арқылы көрсетіледі.

Билет құны: 1000 теңгеден басталады.
Уақыты: сағ. 17:00
Өтетін орны: Тәуелсіздік, 57

«Тәттілер мұражайы» халықаралық көрме

Бұл көрме 10 түрлі бөлімнен тұрады. Мәселен, кондитерлік өнер әлемінен түрлі-түсті композиция байқай аласыз. Сонымен қатар, логиканы дамыту тапсырмалары жүргізіледі. Айта кету керек, көрме ішінде естелікке фотоға түсе аласыз.

Билет құны: 1880 теңгеден басталады, (5 жасқа дейін балаларға тегін).
Уақыты: 10:00-20:00
Өтетін орны: Бауыржан Момышұлы, 5

ҚР Ұлттық музейіндегі «Музей қазыналары» ойын-квесті

Республика күнін мерекелеуге келген қонақтар арасында «Музей қазыналары» квест ойыны өтеді.

Билет құны: 300 теңгеден басталады
Уақыты: 10:00-18:00
Өтетін орны: Тәуелсіздік, 54

«Өмір – ғайып» қойылымы

«Қанаттылар инклюзивті театр» қатысушылары «Өмір-ғайып» тақырыбында қойылым көрсетеді. Бұл драма өмір жолында қиындықтарға қарамай күресіп келген жас қыз туралы. 20 жыл өткен соң анасы баласымен кездесе ала ма? Қойылым барша көрерменді таң қалдыруға дайын.

Билет құны: 500 теңге
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Ілияс Есенберлин, 10 ( Театр «Жастар»)

«Әлия» әскери-патриоттық драмасының қойылымы көрсетіледі


Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери театр құру идеясына арқау болған алғашқы жоба Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы әскери-тарихи драмалық қойылымы болады.

Билет құны: 1000 теңгеден басталады
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Желтоқсан, 13


ВТБ лигасының матчы: «Astana» vs «Avtodor

Жаңа маусымдағы дебюттік жеңіліс астаналықтарды таң қалдырмады. Елордалық команданы қолдауға шақырады.

Билет құны: 700 теңге
Уақыты: сағ. 20:00
Өтетін орны: Қабанбай батыр, 45а

Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірінде Республика күні аясында 400 іс-шара өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз