Полиция тәркілеген есірткілер қайда кететіні белгілі болды

0
51

Қазақстанда жыл сайын 30 тоннадан астам есірткі тәркіленеді. Оның 450 келіге жуығы синтетикалық есірткі. Ал ағымдағы жылдың 9 айында есірткі өндірісінде қолданылатын 79 тоннадан астам химикаттар анықталған. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов тәркіленген осыншама есірткіні полиция қызметкерлері қайда жіберетінін айтып берді.

Департамент басшысының айтуынша, полиция қызметкері есірткіні тәркілеген соң дереу сараптамаға жіберіледі. Сондықтан да олардың әр партиясынан осы есірткінің аса үлкен мөлшеріне тең үлгі алынады. Ол қылмыстық іске қосылып, заттай айғақтар камерасына тапсырылады. 

«Артылып қалған есірткі полиция, прокуратура және денсаулық сақтау органдары қызметкерлерінің қатысуымен міндетті фото және бейне түсірілім жасала отырып, комиссиялық түрде жойылады. Сот үкімі күшіне енгеннен кейін іс бойынша дәлелдемелер ретінде өтіп жатқан есірткі үлгілері де жойылады, – деді Қажығали Имажанов. 

Сонымен қатар, жою шаралары аяқталғанға дейін полиция тәркіленген есірткіні күшейтілген режимде қорғайды. Ал, артылған есірткіні жою арнайы жабдықталған пештерде жүргізіледі. Тіпті, қалған күл-қоқыстың өзі химиялық өңдеуден өтіп, толығымен жойылғандығына көз жеткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз