Шенеуніктер арасында ең көп заң бұзатын өңір анықталды

0
71

Биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында, Қазақстанда 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Аймақтар бойынша Шымкент қаласы, бұл рейтингте алғашқы орында(102 адам).

Одан кейінгі орынды Алматы (82 адам) және Астана (55 адам) алды. Жетісу (47 адам) және Алматы (43 адам) облысында да көрсеткіш жоғары. Статистика бойынша жалпы, мұндай жағдайлар азайып келеді.

842 адамның 190-ы пара алу бойынша ұсталған. 167 адам алаяқтық жасаған. Ал, 107 адам сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша айыпталған.

Жоғарыда аталған баптардан басқа, жиі жасалатын қылмыстар мыналар:

  • азаптау;
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
  • әскери қызметкерлер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзу;
  • көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
  • пара беру;
  • салғырттық;
  • жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз