Алматыда әжетханадан табылған баланы ерлі-зайыптылар асырап алды

0
59
Photo: inform.kz

Былтыр Алматы қаласындағы көше әжетханаларының бірінде табылған нәрестені отасқандарына көп жыл болған, алайда баласы жоқ отбасы асырап алды. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Баланың жаңа отбасы толық, олардың отау құрғандарына көп болғанмен, балалары жоқ. Ерлі-зайыпты басқа қаладан келіп, арыз жазып, баланы 2023 жылдың мамыр айында асырап алды. Енді сәбиде толық және бақытты отбасы бар. Олар суреттерін жіберіп, қуаныштарымен бөлісіп отырады», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, жаңа туған нәресте 2022 жылдың тамыз айында көшедегі дәретханадан табылған болатын. Оны Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Кейін оның биологиялық анасы 17 жастағы 11-сынып оқушысы екені белгілі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз