Астана әкімдігі қаладағы бас шыршаның шамын жақты.  Салтанатты іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Әкімдік баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, шыршаның биіктігі 25 метр және жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілген. Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

Photo: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЭКСПО аумағында шыршаны жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.

Қонақтар «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында 17 желтоқсанда 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз