«Алаяқ.нет» жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбеков Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Тараз қаласындағы әскери гарнизон сарбаздары қаржылық пирамидаға ақша салып, алданып қалғанын айтып берді.
Оның айтуынша, танымал өнер жұлдыздары жарнамалаған L-Capital қаржылық пирамидасы зейнеткерлерге үйлерін сатқызған. Және ең сорақысы, бүтін әскери гарнизон аталған қаржы ұйымының алаяқтарының құрбаны болған.
«Тараздағы бүкіл әскери гвардиялық гарнизон қалашығы түгелімен, ішінде әскерилері де, мұғалімдері де барлығы осы L-Capital құрбаны болып, ақшаларын ала алмай отыр», – дейді Нұрсұлтан Орынбеков.
Сонымен қатар, олардың жұмысынан қорқып, атымыз шықпасын деп арыз жаза алмай отырғандарын айтты. Ал арыз болмағандықтан оларға ешқандай көмек көрсете алмай отырғанын да жеткізді.