Былтыр жүргізілген жоспардан тыс тексеру аясында Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 бұзушылықты анықтап, кемшіліктерді жоюға 247 нұсқама берді.
Сапасы сын көтермейтін құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін – 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін – 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.
Елорданың әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын жасағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылған.
- «NAK development» ЖШС;
- «БазисДоСтрой» ЖШС;
- «КСМК-АФ» ЖШС;
- «DBK-Engineering» ЖШС;
- «Пропилон» ЖШС;
- «ANA Astana» ЖШС;
- «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
- «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.