Крещение рәсімі: Астанада шомылу рәсімі қай орында өтеді

0
31

Астанада 18-19 қаңтар күні барлық православие шіркеулері Крещение рәсімін атап өтеді.

Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Астана» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылады.

Шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады.

Сондай-ақ, жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 08:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Алайда қауіпсіздік ережелерін және шомылуға арналған орындарды есте ұстаған жөн: купельдің жанында 3 адамнан артық тұрмау керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласуға кеңес береміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз