Жаңарған ұлттық валютаның дизайны “Сақ стиліне” негізделмек.
Informburo агенттігінің хабарлауынша, жаңа дизайнда түрленген қағаз ақша келесі жылдың соңына дейін айналымға енбек. Ал ақшаның ескі нұсқасы банкнот номиналдары толығымен жаңартылғанға дейін заңды төлем құралы ретінде қолданыла береді.
Сондай-ақ төлемдер мен аударымдардың барлық түріне жарамды болады. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалдарында, Қазпоштада және екінші деңгейлі банктерде айырбастауға болады.