Қазақстан астанасында ауа райының бұзылуына байланысты бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік апаты тіркелді. Боран салдарынан барлық қызмет түрі күшейтілген режимге көшкен. 

«Ауа райының бұзылуына байланысты (республика аумағында бұрқасын, қатты жел, боран, жаңбыр және жолдың көрінісі) бірқатар облыста автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар, кешелі бері елордада бүкіл қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 8 ақпанда тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді» делінген хабарламада.  

Осы орайда полиция департаменті қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырады.

«Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райына байланысты қала сыртына шықпауыңызды сұраймыз», — деді департамент мамандары.

8 ақпанда Астанада боранға байланысты барлық қызмет түрі күшейтілген режимге көшкен.

Айта кетейік, елордада қатты жел Сәкен Сейфуллин университеті ғимаратының шатырын жұлып әкетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз