Табысты адамдардың 3 дағдысы: Сенің биікке жетуіңе көмектесетін әдеттер

0
69

Дэвид Гоггинстің өмірі шынында тозақ болды ма? Неліктен Марғұлан Сейсембай 25 жасына дейін өмірдің мәнін түсінбеген? Илон Масктың баласы жұмысы ма?

“Жетістікке емес, одан алатын құндылықтарға ұмтылыңыз”, – деп атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры Альберт Эйнштейн айтқандай, жетістік – тек қана қолдағы байлық емес, ол адамның таза еңбегімен өткен жолы мен одан түсетін пайдасы.

Егер тарихқа жүгінсек, ұлы тұлғалардың әрбірінің ерекшеліктері мен тек олар ойлап тапқан өзіндік биікке жетелейтін әдеттері бар. Біз осы мақалада олардың кейбіреулері туралы айтып өтеміз. Бүгінде ең тиімді әдеттер қатарында: ұйқыны қандыру, күнделікті жаттығу жасау, күніне кітаптың кем дегенде бір бетін оқу бар. Бұл әдеттердің әсері бірден байқалмаса да, уақыт өте келе айтарлықтай нәтиже береді. Бірақ ең бастысы – тәртіп.

Енді әлемге танымал тұлғалардың өмірлік тәжірибесінен қалыптасқан әдеттерін қарастырайық.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - facebook-cover-2.jpg

Марғұлан Сейсембай – сәтсіздіктерге назар аудару керек

Инвестор, 100-ден астам компанияның акционері Марғұлан Сейсембай өзінің YouTube желісіндегі “5 вещей, которые я бы хотел осознать до 25 лет! Жаль понял ЭТО намного позже…” атты бейнеролигінде 25 жасына дейін мән бермеген тақырыптарды қозғады.

Олардың бірі – әрбір сәтсіздікке назар аудару. Ол бейнероликтің 9:51 минутында: “Почему-то у нас в обществе так сложилось, что неудачи и ошибки имеют негативный оттенок. Это считается очень плохо. С точки зрения саморазвития, неудачи и ошибки – это самый главный источник вашего саморазвития, вашего самосовершенствования” – деп атап өтті. Яғни, өзіңді дамыту үшін әрбір қателікті ескеріп, одан сабақ алу керек, себебі адам жасаған әрбір қадамына қарап, алдағы іс-әрекеттерін де ойланып жасайды.

Маск согласился с Трампом, что Уолтц должен остаться в администрации - РИА  Новости, 26.03.2025

Илон Маск – жұмысқа туған балаңдай қарау

Илон Масктың есімін естігенде ойымызға алдымен ғарыш пен Tesla көліктері түседі. Бірақ кәсіпкердің 2008 жылы басынан кешкен қиын таңдауы туралы көп айтылмайды.

2008 жылы Илон Маск қолындағы қалған 30-40 миллион доллар қаражатын қайда жұмсау керектігіне қатысты қиын таңдаудың алдында тұрды. Оның алдында екі таңдау болды: барлық ақшаны тек бір компанияға салу немесе екі компанияға тең бөліп инвестициялау. Бір қарағанда бұл оңай мәселе болып көрінуі мүмкін, бірақ егер қаражат тек бір компанияға жұмсалса, екіншісі банкротқа ұшырайтын еді. Ал екіге тең бөлінсе, екі компания да сәтсіздікке ұшырау қаупінде тұрды. Маск екі компаниясына да инвестиция бөліп, оларға өз туған баласындай қарады. Ол өз жобаларының дамуына барлық күш-жігерін арнады, нәтижесінде екі компания да сәттілікке жетті.

Яғни, әрбір істі бастар алдында оған махаббатпен, жауапкершілікпен қарау керек. Сол кезде ғана бастаған ісіңіз биіктерге жетеді.

Never Finished | Lioncrest Publishing

Дэвид Гоггинс – миыңмен дос бола біл

SEAL теңіз арнайы күштерінің ардагері Дэвид Гоггинс берген сұхбаттарында өмірінің тозаққа айналғанын бірнеше рет айтқан. Ол көптеген қиындықтарды бастан өткерді, соның ішінде жақындарынан айырылу мен ауыр депрессияға түсу. Бірақ оның пікірінше, адам өз миын бақылауға алмаса, өмірі қорқыныш пен күйзеліс ішінде өтеді.

Гоггинстің айтуынша, адам әртүрлі жағдайларда өз миына бағыт бере білуі керек. Егер адам өз мақсаты мен армандарын нақты белгілесе, миы да денеге қажетті сигнал жіберіп, сол мақсатқа жетуге көмектеседі. Дэвид Гоггинс еңбек етуді – жетістікке жетудің жалғыз жолы деп санайды. Ол барша халықты адал еңбек етіп, өз мақсаттарын анық білуге шақырады.

Әрине, бұл әдеттер әрбір адамға сәйкес келе бермеуі мүмкін, себебі әр адам – жеке тұлға. Бірақ соған қарамастан, мақсатқа жету жолында адамның бойында жаңа қасиеттер қалыптаса бастайды. Ең бастысы – оларды жоғалтпай, дамыта білу. Өзіңе сену, оқу, іздену, ойлану және қиындықтарды жеңу – күнделікті қалыптастыратын тәртіптің басты қағидалары.

Айгерим Тауекелова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз