Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Республикадағы екінші дәрежелі банктерінің мәселесіне қатысты пікір білдіріп, ондағы қаржы институттарынан ақша ұрлау мен заңсыз шараларды болдырмау үшін қаражаттың қозғалысын бақылауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп,
«Біз мұны қашан аяқтаймыз? бастаған БТА банкі мемлекет пен халықтың ақшасын барлығының көз алдында жаппай ұрлады. Бүкіл әлемге біз мұны ашып көрсетіп, мемлекет ақшасын ұрлау екендігін дәлелдедік те.
Ал қазір ше? Банк құрдық және енді оған адамдар, ұлттық компаниялар бара бастады. Акционерлер ол жақтан ақшаны шығарып жатыр. Ұлттық банк болса, мұны бақылап қана отыр. Бұған қалай жол беруге болады? Бізге қадағалаушы орган не үшін қажет? Елдегі банктердегі мұндай жағдайлар менің ашуымды тудырады»,
– деді.
Елбасы бүгінге дейін Үкіметтің мемлекет банктерінің шығынға ұшырауына жол бермей келгендігін алға тартып, «Банктерді шығынға ұшырату керек, немесе ақшаны қайтарсын. Ол акционерлер ешқайда кеткен жоқ, осында отыр. Банктерді ақшаны жинап, одан кейін шығарып алу үшін құрған. Тапа тал түсте қалай ұрлық жасауға болады», – деп сынға алды.
Арслан Али