Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республиасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғысын білдіріп, тәуелсіздіктің баянды болуы халықтың санына емес рухани бірлікте екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына алғыс білдіре отырып ынтымақтастық ауызбіршілік турасында «Табысымызды еселеп, тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек. Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ», деді.
«Жұдырықтай жұмылған рухы биік халықты ешкім ала алмайды. Мәселе халықтың көптігінде не аздығында емес, мәселе адамның қуаттылығында сауаттылығында емес, мәселе рухани бірлікте», деп айтты.