“Сирия кикілжіңіне түскен тараптар балаларды пайдаланады”

0
74
/photo-day.ru

БҰҰ Балалар қорының мәліметіне сәйкес, 2017 жылы Сириядағы әскери операцияларға 900-ден кем емес бала қатысқан, олардың төртеуі 15 жасқа жетпеген. Сол жылы Сирияда 244 бала ұсталған. Аталған мәліметтер дүйсенбіде ЮНИСЕФ баяндамасында жарияланды.

Балалардың құқығын бұзған жоғарыда аталған жайттарды Сириядағы кикілжіңге түскен әр тарап өз пайдасына қолданған, деп хабарлайды Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері бойынша ЮНИСЕФ аймақтық басшысы Герт Каппелер.

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, балаларды аталған кикілжіңдерге араластырған аймақта жағдай қазір одан бетер ушыққан. Ұйым басшысы Г. Каппелер Шығыс Ғұтадағы жағдай «өз кезінде Шығыс Алеппода болған жағдайдан да нашар» дейді.

“Шығыс Ғұтада бір ай ішінде 930 бейбіт тұрғын қаза тапқан”

ЮНИСЕФ берген баға бойынша, Сирияда болған 7 жыл соғыс салдарынан ауыр дене және психологиялық жарақат алғандар саны 1,5 миллион адамға жуықтаған. Медициналық және психологиялық көмектің болмауынан жарақат алғандар денсаулықтарын өз беттерінше қалпына келтіріп, кейіннен жағдайлары ушығып жатады, деп жазады баяндамада.

2013 жылдан бастап шамамен Шығыс Ғұтаның 400 мың тұрғыны азық-түлікке, медициналық қажеттіліктер мен ауыз суға қол жетімсіз халде. 2018 жылдың ортасында Сирия президенті Башар Асад әскері аймақтағы бүлікшілерге қарсы шабуыл операцияларын бастады, салдарынан адам құқықтарын қорғау бойынша Сирия бақылау Кеңесінің мәліметіне сәйкес, 930 бейбіт тұрғын жер құшқан.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз