Ақтауда Rixos қонақ үйі ашылады

0
1,056
Aktau Rixos қонақ үйі. Photo: booking.com

Каспий жағасындағы Rixos Aktau қонақүйі шілде айында ашылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков хабарлады.

Қонақ үйде 500 бөлмесі бар, олардың 462-сі делюкс, 22-сі люкс, біреуі президенттік және 15-і бунгало. Қонақ үй аумағында мейрамханалар, СПА, жабық бассейн, атриум, фойелер орналасқан.

“Жоспарға сәйкес, бұл қонақүйді шілде айының басында ашу көзделген. Кейбір туристік операторлар жолдамаларын сатып та жатыр. Бір жерлерден жолдама құны 256 мың теңге көлемінде екенін байқап қалдым. Оған 2 және 3 күн кіреді. Дегенмен, жолдама құнына әуе билетінің бағасы да кіретінін ескерген жөн. Бұл жолдамалардың қысқа мерзімді екендігін ескерер болсақ, әуе билетінің бағасы 40 пайызға жетіп қалуы мүмкін. Бұған қоса, бұл құнға all inclusive жүйесі бойынша тамақтану да кіреді”, – деді Рысбеков.

Қонақ үйде қалу бағасы. Photo: booking.com

Дастан Рысбековтың айтуынша, бұл қонақүйде жолдама бағасы шетелдегі дәл осындай қызметке қарағанда біршама төмен болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз